WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ресейлік боксшы мексикалық Сауль Канело Альваресті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңді.
"@bivol_d жеңісіңмен құттықтаймын! Бәрі айқын болды. Осы қалпыңнан тайма!", - деп жазды Головкин.