"Лукойлдың" бұрынғы топ-менеджері, миллиардер бақсының үйінен өлі күйінде табылды
"Лукойлдың" бұрынғы топ-менеджері, миллиардер бақсының үйінен өлі күйінде табылды
245
оқылды
"Лукойлдың" бұрынғы топ-менеджері, миллиардер Александр Субботин Мытищиде бақсылардың үйінен өлі табылды. Алдын ала болжам бойынша, Субботин ол жерге емделуге барған. Бұл туралы Mash Telegram арнасы жазды. Басылымның мәліметі бойынша, бақсы Магуа мен оның әйелі емделушілерді жеке үйде қабылдаған.  Субботин ерлі-зайыптылардың қызметін үнемі пайдаланғаны белгілі болып отыр. Соңғы сапары барысында оның жүрегі ауырған. Алайда емшілер жедел жәрдем шақырмай, Субботинге қандай да бір дәрі беріп, төсекке жатқызған. Осыдан кейін миллиардер қайтыс болған. Полицияның шақыруымен келген бақсылар марқұммен достық қарым-қатынаста болғанын айтқан. Субботиннің неден қайтыс болғаны тергеу барысында анықталады.