"Бұл оқиғадан кейін қыздың анасы хабарласты. Алғыс айтты. Оқиғадан кейін жағдайы нашарлап, оны жедел жәрдем алып кеткен екен. Маған ауруханадан хабарласты, бірақ әлі кездескен жоқпыз", – деді Сәбит Шонтақбаев.Еске салсақ, астанадағы Ұлы дала көшесіндегі тұрғын үйдің 8-қабатының терезесінен құлағалы тұрған баланы көршісі құтқарып қалды.
Сол күні 3 жасар қызды құтқарған жігітке белгілі депутат үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты.