Ақтауда 6656 әскери бөлімінен сарбаз қашып кетті, – деп жазады Lada.kz.
Бұл ақпаратты Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі растады. 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағынауданды бақылау кезінде кетіп қалған.
«Ұлттық ұлан» деген жазуы бар форма, қара түсті аяқкиім киген. Бойы – 160-170 сантиметр.
[caption id="attachment_196391" align="alignnone" width="1200"] Фото: Lada.kz[/caption]
Бұған дейін Жамбылда қайтыс болған сарбаздың өліміне күдіктінің анасы араша сұрағанын жазған болатынбыз.