Президент Путинмен кездесті
Президент Путинмен кездесті
322
оқылды
ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Президенттер екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ сауда-эконо­ми­­калық саладағы Қазақстан-Ресей ынты­мақ­тастығын талқылады. – Шын мәнінде, елдеріміз арасындағы сау­да-экономикалық және саяси ықпал­дас­тық­тың қарқыны нашар деуге еш негіз жоқ. Тауар айналымы 25 миллиард долларға жетті. Ресей – Қазақстан үшін сауда-экономикалық с­а­ладағы басты серіктес. Осы себепті, мен, Үкі­метімізге осы қарқынды және сауда мен ин­вестициялар көлемін сақтап қана қоймай, қа­зіргі геосаяси жағдайдағы барлық қиын­дық­тарға қарамастан оларды арттыру жөнін­де міндет жүктеймін. Мен өзіммен бірге осы са­лаға жауапты Премьер-министрдің бірінші орын­басары бастаған Үкіметтің негізгі ше­неуніктерін ала келдім. Олар табысты келіс­сөз­дер жүргізді және нақты нәтижеге қол жет­кізу үшін олардың алдына Федера­ция­сы­ның Үкіметімен іскерлік бағытта жұмыс істеу міндеті қойылды және олар нәтижелі келлісөз өткізді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ресей Президенті өз кезегінде екі ел ара­сын­­дағы сауда-экономикалық ынты­мақ­­тас­тық­ты дамытудың оң қарқынын атап өтті. – Жалпы бізде барлық сала жақсы дамып ке­леді. Былтыр тауар айналымының өсімі 34 пайыз болды. Ресей компаниялары Қазақстан экономикасына 17 миллиард доллар инвес­тиция салды. Бәрімізге түсінікті әрі белгілі қазіргі қиыншылықтарға қарамастан, жағдай жақсы дамуда, – деді Владимир Путин. Тараптар күн тәртібіндегі екіжақты ке­шен­ді экономикалық мәселелердің бәрін биыл күзде Орынборда өткізуге жоспарланған Ай­мақаралық форумда талқылауға уағда­ласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин­нің шақыруы бойынша биылғы маусым айын­да Петербургте өтетін экономикалық форум­ға қатысатынын нақтылады. Сонымен қатар Қазақстанның үкіметтік делегациясы Екатеринбургте өтетін ірі өнеркәсіптік көр­меге қатысуды жоспарлап отыр.