Сарапшы Украина Ресейге басып кірсе, не болатынын айтты
Сарапшы Украина Ресейге басып кірсе, не болатынын айтты
© ukrinform.ru
394
оқылды
"ПолитРоссия"  белгілі сарапшы Майкл Пектың мақаласын жариялады.  Оның пайымынша, Киевтің РФ аумағына  кіру туралы бұйрығы өзіне қауіп төндірер еді.
"Ресейге жақындаудың өзі үлкен қателік болады", – дейді сарапшы.
Қазір Украина Ресейге басып кіруі мүмкін деуге алғышарт жоқ. Алайда қазіргі жағдайда бәрі мүмкін. Егер Киев бұндай қадамға барса,  оны өте қиын жағдай күтіп тұр.
"Бірқатар батыстық әскери сарапшының пікірінше, Ресей жеріне басып кіру Украинаның өзі үшін апат болар еді", – дейді Майкл Пек.
Сарапшының ойынша, Украина армиясы бұндай операция жүргізуге қауқарсыз, қажетті қару-жарағы мен жақсы дайындалған сарбаздары жеткіліксіз. Сондықтан Ресей аумағына шабуыл жасаған жағдайда әскери техникасы тез арада талқандалып, әскерінен айырылар еді. Бұған дейін Украинаның қарулы күштері Ресейдің шекарасына жеткенін жазған болатынбыз.