Мәжіліс депутаттары халықты жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды
Мәжіліс депутаттары халықты жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды
369
оқылды
Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына барып, «Масло-Дел» ұжымымен кездесті. Онда депутаттар кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айтты.   Депутаттар ұжым қызметкерлерін референдумға белсенді қатысуға және конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.
  • Соңғы 27 жыл ішінде Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді, бірақ оларды Парламент қабылдады. Енді азаматтар түзетулер үшін өздері дауыс береді, – деді Дмитрий Колода.
Ал депутат Ерлік Тайжановтың айтуынша, әрбір азамат алдағы саяси өзгерістерге өзінің қатысы бар екенін сезінуі тиіс.  референдум Айта кету керек, Қазақстандағы тамақ өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірі саналатын «Масло-Дел» ұжымында 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын мұнда 150 мың тоннадан астам өнім шығарылады. Өз кезегінде, компания қызметкерлері конституциялық өзгерістерге дауыс беруге дайын екенін айтты.