Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы өзінің оң имиджін қалыптастыру үшін адал блогерлер іздейтін лот жариялады, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жуырда ғана Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы тұрғындары кедейлікте өмір сүрген облыстарды атады. Онда Ақмола облысы Түркістан мен Маңғыстау өңірлерінен кейін үшінші орын алған.
«2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Үшінші орында Ақмола облысы», – деп жазды статистика бюросы.
Соған қарамастан, Ақмола облысының әкімдігі өзінің оң имиджін қалыптастыру үшін, жалпы, қандай да бір бағдарламаны халыққа түсіндіру үшін миллиондаған теңгенің тендерлерін жариялап жатыр.
Оң имидж қалыптастыру, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және SMM қызметі үшін облыстық ішкі саясат басқармасы кеше, 18 мамырда 10,4 млн теңгенің лотын жариялады.