Алматы облысында блогер жала жапқаны үшін қамауға алынды
Алматы облысында блогер жала жапқаны үшін қамауға алынды
Фото: yandex.kz
163
оқылды
Алматы облысында блогер жала жапқаны үшін 20 тәулікке қамалды, – деп жазады sputnik.kz. Блогер әлеуметтік желіде Шелек ауылында медициналық мекеменің басшысы пара алып, жергілікті тұрғынды жұмысқа қабылдағанын жариялаған. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланған соң медицина саласының қызметкері полиция мен сотқа өзіне жала жабылғаны туралы шағымданған. Сотта блогер өз кінәсін мойындамады. Ол расталмаған ақпаратты өзінің бұрынғы жұбайынан естіп, соның өтініші бойынша жариялағанын мәлімдеді. Сот медицина саласы қызметкерінің мүддесін қорғап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 7773-3-бабының 2-бөлімі (Жала жабу) бойынша блогерді 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.