"Рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек": Тоқаев мәлімдеме жасады
"Рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек": Тоқаев мәлімдеме жасады
© Ақорда
428
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде елдегі рейдерлік мәселесі туралы айтты.
"Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдау керек, ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесу қажет", – деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде.
Сонымен қатар Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде бәріне бірдей әділ ойын ережелері бар таза экономика құру саясатын жалғастыратынын атап өтті.
"Жайлы орын мен қызметтерді үлестіруге жол бермейміз", – деді Президент.