Украинаның бейбіт тұрғынын өлтірген ресейлік сарбаз өмір бойына сотталды
Украинаның бейбіт тұрғынын өлтірген ресейлік сарбаз өмір бойына сотталды
© REUTERS
366
оқылды
Киевте сот Сум облысының қарусыз тұрғыны 62 жастағы Александр Шелиповты өлтірген 21 жастағы ресейлік әскери қызметші Вадим Шишимаринді өмір бойына соттады
Сотта келтірілген дәлелдерге сәйкес, 28 ақпанда Шишимарин келе жатқан колонна оқтың астында қалған.  Бірнеше сарбаз қашып бара жатып, жолда кетіп бара жатқан жеңіл көліктің дөңгелегін атып, оны басып алған. Олар жолда телефонмен сөйлесіп бара жатқан ер адамды көрген. Украиндық әскерилерге хабарлауы мүмкін екенін айтып, қасындағылар оған атуды бұйырған.  Шишимарин көлік терезесінен ер адамды автоматпен атып өлтірген. Кейін Шишимарин тұтқынға түскен.