Танымал қосымшалар қазақша «сөйлейді»
Танымал қосымшалар қазақша «сөйлейді»
414
оқылды
Мобильді сервистер мен қосымшалар қазақ тілінде қызмет көрсетуге мәжбүр болады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, танымал шетелдік қосымшаларға мемлекеттік тілді енгізу бойынша талап қойылған. «Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақша аударттық. Мұнда жекеменшік сервистердің, Facebook-тің қазақшасы неге жоқ деген сұрақ туындайды ғой. Бірақ оны біз қалай қазақша жасай аламыз? Жанымыздағы сервистер – «2ГИС», «Яндекс» болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. «Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгіз» деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз», – деді министр. Министрдің айтуынша, мұндай талапты заңға енгізу қажет.