Украинадағы соғыс Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы мүмкін - Сорос
Украинадағы соғыс Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы мүмкін - Сорос
Фото: Валентина Свистунова © URA.RU
715
оқылды
Америкалық қаржыгер Джордж Сорос Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда  Владимир Путинді жеңу – Батыс өркениетін сақтаудың жалғыз жолы екенін айтты, – делінген қаржыгердің жеке сайтында жариялаған баяндамасында. 
"Қақтығыс тоқтайды, оның өзінде әлемдегі жағдай бұрынғыдай болмайды. Украинаға басып кіру Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы әбден мүмкін, біздің өркениеттің одан аман қалуы екіталай. Ресейдің шабуылы аяқ асты пайда болған нәрсе емес. Қазір әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі басқару жүйесінің, яғни ашық қоғам мен жабық қоғамның арасындағы күрес жүріп жатыр", – деді қаржыгер.
Оның айтуынша,  Батыстағы ашық қоғамда мемлекет әр адамның бостандығын қамтамасыз етеді. Ол Ресей мен Қытайда қоғам жабық қалыптасты деп санайды. Сорос бұл елдердегі халықтың рөлі "мемлекет билеушілеріне қызмет ету" деп есептейді.
"Путин Украинаға басып кірген кезде үлкен қателік жібергенін түсінді, енді ол қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін қамданып жатыр. Бірақ бітімге келу мүмкін емес, өйткені оған сенуге болмайды. Путин ешқашан бейбіт келіссөз жүргізбейді, өйткені бұл оның отставкаға кетуіне әкеліп соғады", – деді Сорос.