Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады
Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады
3,934
оқылды
Белгілі эстрада әншісі Гүлнұр Оразымбетова 66 жасқа толған күйеуін туған күнімен құттықтады. «Туған күніңізбен, Секе! Өмірдің біз үшін дайындаған сыйы, бақыты, қуанышы таусылмасын! Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін!» деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына. Әншінің жазбасына қатысты көптеген оқырмандар пікір білдірген.
«Наконец-то күйеуіңмен суретке түстің», «Ұл әкесінен бір батпан кем туады», әкеге ешқашан жетпейді, ұлдарың сізден үлгі алып өссін, сіздей ер азамат боп ер жетсін дегенің дұрыс», «Өзіңізге ұқсасын демей ме, асып түссін деп еркегін төмен түсірді», «Сәке молодец, жас қызды алып...», «Қызы сияқты, қанша жас айырмашылық? Махабатқа емес, сыпайы сыйластықтағы жұп екені сезіледі», деп жазғандар көп.
Айта кетейік, әншінің күйеуі Серікбай Нұрғисаев қазіргі таңда Сенат депутаты. Оған дейін көптеген лауазымды қызметтер атқарған шенеунік "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері атаныпты.