Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен "Реалдың" қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен "Реалдың" қанша сыйақы алатыны белгілі болды
471
оқылды
УЕФА осы маусымдағы үш еурокубокқа жалпы сомасы 2,732 миллиард евро бөлген, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Олардың 2,03 миллиарды Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогында өнер көрсеткен клубтар арасында бөлінеді. 465 миллион Еуропа лигасының қатысушыларына, ал 235 миллион конференция лигасына қатысқан клубтарға беріледі. Чемпиондар лигасына қатысқаны үшін әр команда 15,64 миллион алады. Сонымен қатар, әр жеңіс үшін 2,8 миллион, тең ойын үшін 930 мың евро төленеді. 1/8 финалға қатысушылар 9,6 миллион еуродан алады. Ширек финал - 10,6 миллион, жартылай финал - 12,5 миллион. Ал финалистер - 15,5 миллион еуродан. Оған қоса, УЕФА-ның соңғы он жылды ескере отырып, әр команданың коэффициенті бойынша бөлінетін 600,6 миллион еуро көлемінде қоры бар. Кімде коэффициент ең төменгі болса, 1,1 миллион, ең жоғарысы 36,4 миллион алады. Қазіргі рейтингте бірінші орында "Реал Мадрид", одан кейін "Бавария", "Барселона" және "Атлетико" тұр. Осылайша, Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульді" жеңген "Реал" 123,8 миллион еуро көлемінде сыйақы алады.