Астанада жалған ақша жасаған бір топ адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Елордада 54 850 жалған АҚШ долларын таратқан қылмыстық топ сотталды.
Жасанды банкноттарды астанада валюта айырбастау пункті мен банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы таратқан.
Сот үкімімен А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев, Төлеутай Б.Е. шартты түрде5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін жалған ақшаны қалай анықтауға болатыны туралы жазған болатынбыз.