Қырғызға қарай 500 мыңнан астам АҚШ долларын әкетпек болған адам ұсталды
Қырғызға қарай 500 мыңнан астам АҚШ долларын әкетпек болған адам ұсталды
345
оқылды
Мамырда Жамбыл облысы мен Қырғыз Республикасы шекарасындағы мамандар «Ауқатты» автомобиль өткізу пунктінде 500 000-нан астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ел Президенті биылғы 14 наурызда арнайы Жарлыққа қол қойғанын еске саламыз. Осы Жарлықпен Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды»,-делінген хабарламада.