Полицейлер Атырауда төленбеген 21 айыппұлы бар жүргізушінің көлігін арнаулы тұраққа қойды, – деп жазады Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары бір айда ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, төленбеген айыппұлы бар 130-дан астам автокөлікті анықтады.
Автокөліктер жол ережесін сақтамай «Сергек» камерасына түскен.
Атап айтқанда, 28 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Құрманғазы көшесінде полицейлер Ресейде тіркеуде тұрған ВАЗ-2110 автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің 53 жастағы жүргізушісінің 324 695 теңге көлемінде төленбеген 21 айыппұлы бар екені анықталды. Оның көлігі ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабымен арнаулы тұраққа қойылды.
Жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылды.