Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді
Фото: akorda.kz
431
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан №59 сайлау учаскесіне барып, республикалық референдумда дауыс берді. Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшелігі. Бұған дейін Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шешімді Парламент қабылдайтын. Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды өтіп жатқан референдуммен құттықтады. – Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған, – деді Қазақстан Президенті.    width=  width=  width=  width=   https://youtu.be/wXWP0UCeamc