Туризм қайтсек тартымды болады?
Туризм қайтсек тартымды болады?
484
оқылды
Тамылжыған табиғаты, тарихы мыңжылдықтардың қой­науына дейін тамырлайтын Қазақстанның туристік әлеуеті жайында жиі сөз етеміз. Биыл сол әлеуетіміз іс жүзінде сы­налмақ. Мәдениет және спорт министрлігі мен Kazakh Tourizm ұлттық компаниясының басшылығы биыл ішкі туризмге едәуір салмақ түсетінін айтып, осы маусым отан­дық туристік нысандарда 6 миллионға жуық адам дема­латынын мәлімдеді. Осы орайда туристік ны­сан­дар­ды қажетті инфра­құ­рылым­мен қамтамасыз ету­ден бас­талып, турист ретінде ше­карадан өткен­дердің пи­ғы­лын анықтауға дейін жал­ғаса­тын кешенді жұ­мыс­ты жүйелі ұйымдастыра біл­ген жөн. Әйтсе де, суға түсу маусымы бас­талғалы Ақмоладағы Бура­бай, Зеренді аумағындағы де­малыс орындарына түсер жүк­теме артқан. Облыстағы са­на­торийлер мен емдеу-сауықтыру орталық­та­рында күзге дейін бос орын жоқ. Қазір мамандар Украина мен Ресей арасындағы соғыс­тың ық­па­лының салдарынан осыған дейін Грекия, Түркия, Италия сияқ­ты елдерде демал­ған ресей­лік туристердің Қазақ­­станға қа­рай ағылатынын болжайды. Тіпті, көрші елден Қазақстанға келе­тіндердің са­ны алдыңғы жыл­дармен салыс­тырғанда 7 есеге көбеймек. Оның үстіне, осы күндері Ре­сейдің Омбы, Новосібір, Екате­рин­бург, Санкт-Петербор және Мәскеу қалаларында қазақстандық туризм саласы кеңінен танысты­рылып жатыр. Демек, елге демалуға келетін ресейліктердің саны біз ой­лағаннан әлқайда көп болуы мүм­кін. Дегенмен «турист» атын жа­мылып, Қазақстанда тұрақтап қа­­луды мақсат еткендердің де қа­расы қалыңдай түскен. Мәдениет және спорт ми­нистр­лігі ресейлік туристердің таң­дауы Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне түсетінін айта­ды. Олардың арасында Ресей аза­маттығын қабылдаған бұрынғы Қазақстан азаматтары да болуы мүмкін. Сондай-ақ осы аймақтарда тұратын туыс-туғандарына, дос-жарандарына қонаққа келетіндер де баршылық. Осы тұста еліміздегі туристік де­малыс орындары мен жол бо­йында әжетханалардың жеткі­лік­сіздігі, орман-тоғайлар мен өзен-көлдердің ластануы мәселелерін де жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистр­лігі мен облыс әкімдіктері бірле­сіп, туристік орындар мен авто­мо­биль жолдары бойындағы са­нита­риялық-гигиеналық торап­тар­дың жай-күйіне зерттеу жүргіз­ді. Ве­дом­ство олқылықтың орнын тол­­ты­ру үшін 793 нысан салу қажет еке­нін анықтаған. Бұл орайда ми­нистр­лік жергілікті атқарушы ор­ган­дармен бірлесіп санитарлық-гигие­налық 138 торапты салғанын жеткізді. «Қауіпті» туристер қатаң бақылауда Биыл қаңтар айында салалық министрлік туристік бағыттағы кә­сіпкерлік субъектілеріне сани­тар­лық тораптарды күтіп ұстау мақсатында ай сайын 83 мың 300 теңге мөлшерінде субсидия беретін болып шешті. Жалпы, туристік орындарда табиғаттың ластан­ба­уына жергілікті әкімдіктер мен Ұлттық парктер жауапты. Ал турист кейпінде шекарадан өтіп, ел ішіне іріткі салатындармен күрес мәселесі хақында Ақмола облысы Полиция департаментінен сұрап, білген едік. Тәртіп сақшыла­ры шетелдік демалушыларды әуе­лі шекарадан өтер кезде Ұлттық қа­уіпсіздік комитеті, одан кейін көші-қон полициясы тексеретінін ай­тып, қауіпсіздікке барынша мән берілгеніне сендірді. [caption id="attachment_200363" align="alignleft" width="1200"]туризм © коллаж: Әсел Балтақызы[/caption] Облыстық Полиция депар­та­ментінің дерегінше, осы жылдың 5 айы ішінде ғана шетелдіктерге жұ­мысқа орналасу үшін 3 768 адамға және 24 адамға оқуға түсуге рұқсат берілген. Мұның ішінде солтүстік­тегі көршілеріміздің үлесі басым. Ресейлік 1 004 адам уақытша тұру үшін рұқсат алса, жеке шаруа­ла­рымен 714, оқу үшін 9 адамға рұқ­сат берілген. Сондай-ақ ел аума­ғын­да құқықбұзушылық жасаған 178 Ресей азаматы әкімшілік жа­уапкершілікке тартылып, 5 азамат еліне кері қайтарылған. Тағы 2 адам елдің шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін жазаланды. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып, белгіленген уақытта еліне қайт­па­ған 82 адам заң бойынша жауап­кер­шілік арқалаған. Ақмола облысы Полиция де­пар­таменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, алыс-жақын шетел­ден, соның ішінде Ресейден келе­тін азаматтарды бақылау бекітілген алгоритмге сәйкес жүзеге асы­ры­лады. Заңға сәйкес, әрбір келушінің мақсаты анықталады. Өз елінде әкімшілік және қылмыстық жа­уап­кершілікке тартылғандар, іздеуде жүргендер бірден анықталады. Ресми деректерге сенсек, Ресей осы жылдың 30 наурызынан, ал Қазақстан 11 сәуірінен бастап екі арадағы шекарада туристер үшін шекараны ашты. Министрлік ресейлік туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында же­ке­леген арнайы өткізу пункттерін ашу мәселесі де қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасында мемлекеттік шекара ар­қылы 51 өткізу пункті бар. Соны­мен қатар 30 автомобиль өткізу пунк­тінде 13 екіжақты және 17 көпжақты өткізу пункті бар. Миллиардтар қайда жұмсалады? Ақмола облысының әкімдігі туристерді қабылдап, олардың талғамынан шығу үшін ондаған миллиардтарды шығындауға әзір. Өңірде туристерге арналған 29 экологиялық бағыт ашылған. Щу­чинск–Бурабай курорттық ай­ма­ғында 3 000 нөмірге дейін орын әзір­ленген. Салаға 3 мил­лиард 500 миллион теңге көлемінде инвес­тиция жұмсалған. Мұнымен қоса, өңірде «Ақбура Ресорт» зама­науи курорты құрылысына 4,7 млрд теңге инвестиция, ал туристік аймақты дамытудың үшінші ке­зеңіне 8,1 млрд теңге жұмсалмақ. Сонымен бірге туристік бағыттағы 16 шараға 21 млрд теңге, 5 инфра­құрылымдық жобаны аяқтауға 3,3 млрд теңге жұмсау қарасты­ры­лыпты. «Шекараның ашылуына бай­ланысты өңірге туристердің ағымы 1,2 миллионға дейін жетеді деп күтіліп отыр. Жалпы, биыл туризм саласында 75 инвестициялық жо­баға жалпы сомасы 18 млрд теңге қаражат жұмсау жоспарланып отыр», – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев. Жасыратыны жоқ, туристік әлеуеті зор Ақмола облысы үшін солтүстіктен келетін туристерден көп пайда табуға болады. Дегенмен мұнда ұлттық қауіпсіздік жүйесінен бастап инфрақұрылымдық қам­та­масыз ету, бағаны реттеу мәселе­ле­ріне назар аударылғаны жөн. Және бұл түйткілдердің түйінін уақыт оз­дырмай шеше алсақ құба-құп.

Ақмола облысы