Ақтауда суға батып кеткен жігіттің денесін бүгін, 8 маусым күні сүңгуірлер 6 метр тереңдіктен тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, – деп хабарлады Lada.kz.
Таңертеңгі сағат 07.33 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2004 жылы туған жігіттің денесін тапты.
Құтқарушылар жігітті 15-шағынауданға жақын жағалаудан теңіздің 6 метр тереңдігінен тапқанын айтты.
7 маусым күні Ақтауда 15-шағынауданға қарама-қарсы аумақта Бейнеу ауданының тумасы, 2004 жылы туған жігіт суға батып кеткен еді.
Жас жігіт – Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті. Жатақханада тұрған.