Ақтауда колледж студенті TikTok-қа түсемін деп суға батып кетті
Ақтауда колледж студенті TikTok-қа түсемін деп суға батып кетті
984
оқылды
Ақтау қаласында жас жігіт суға батып, қаза тапты. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ол 2004 жылы туған, Бейнеу ауданының тумасы. Қайғылы оқиға бүгін сағат 16:20-да 15-шағын ауданда, «Самал-2» ықшамауданына қарама-қарсы тұста орын алған.
«Үш жас жігіт TikTok үшін қауіпті жерде видео түсіріп алған. Жігіттер пирстен суға секірген, олардың бірі шыға алмай, суға батып кеткені белгілі болды. Мәйітті екі сүңгуір мен 15 құтқарушы іздеп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Жас жігіт – Маңғыстау өнер колледжінің 1-курс студенті. 3-Б-шағын ауданындағы жатақханада тұрған.