Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында Fortescue Future Industries компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады.
[caption id="attachment_200573" align="alignnone" width="1200"] Фото: akorda.kz[/caption]
Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі.
Fortescue Future Industries компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты.
Игорь Финогенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі ірі тау-кен және алтын өндіруші компаниялардың қатарына кіретін «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының жұмысы туралы мәлімет берді.
Кәсіпкер Мемлекет басшысына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.