Жамбылда кәсіпкердің қызын ұрлап, 100 миллион теңге талап етті
Жамбылда кәсіпкердің қызын ұрлап, 100 миллион теңге талап етті
353
оқылды
Жамбыл облысында адам ұрлаған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы өңірдегі прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыстық топты құрған Исмаилов Л. есімді азамат белгілі кәсіпкердің қызын ұрлап әкетіп, 100 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.
"Полиция қызметкерлері бұл қылмысты дер кезінде ашты. Аталған қылмысқа қатысы бар күдіктілер әшкереленіп, қамауға алынды. Сот үкіміне сәйкес қылмыстық топтың 6 қатысушысы 5 жылдан 13 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар апелляциялық шағым түсіргендіктен әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, Жамбыл облысында соңғы 10 жыл бойы мұндай қылмыс болмаған. 2012 жылы қылмыстық топ құрған Исмаилов Л. дәл осылай өзінің таныстарының ұлын ұрлап әкеткен. Сол қылмысы үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.