Абай облысының әкімі тағайындалды
Абай облысының әкімі тағайындалды
1,357
оқылды
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Құжат мәтіні мынадай:
«Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым, № 920» делінген Ақрданың сайтындағы Жарлықта.
Айта кетейік, Нұрлан Ұранхаев 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Білімі: 1987 ж. - В.И. Ленина атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 2001 ж. – Қазақ қаржы-экономикалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. 2006 ж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы: Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб болып істеді. 1995-1997 жж. - Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басшысы. 2001-2003 жж. - «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Иркутск облысы. 2003-2005 жж. - Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы. 2005-2006 жж. – Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 2006-2007 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007 ж. - Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы. 2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор. 2009-2010 жж. - «Ертіс» ӘКК басқарма басшысының орынбасары, Семей қаласы. 2010-2013 жж. - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2013-2014 жж. - Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі. 2014 ж. - Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары. 2015-2017 жж. - Ұлттық экономика министрлігінің ««ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры. 2017-2018 жж. - Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы. 2019 жылдың 13 мамырынан - Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы.