«Күйеуіңді қалай өлтіруге болады» деген кітаптың авторы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
«Күйеуіңді қалай өлтіруге болады» деген кітаптың авторы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
©www.zakon.kz
593
оқылды
71 жастағы Нэнси Крамптон-Брофи 63 жастағы күйеуі Дэн Брофиді өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сот ісі жеті аптадай жүрді. KGW8-тің хабарлауынша, жазушы жазасын 25 жылдан кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босатуына мүмкіндігі бар. Ол кезде оның жасы 96-ға келеді. Ол қылмысы әшкере болмай тұрып, «Күйеуіңді қалай өлтіруге болады» деген эссе жазған екен. Оқиға желісі істеген қылмысына негізделіпті. Жазушының күйеуі аспаз болған. Ол күйеуін осыдан төрт жыл бұрын жұмыс орнында өлтірген. Тапаншаны жүрегіне тақап тұрып, екі рет оқ атқан. Нэнси бұл жайында камерада бірге болған келіншекке айтқан. Прокурордың айтуынша, бұл қылмысқа Нэнси Брофи сақтандыруды алу үшін барған. Өйткені сол кезде ол ақшадан қысылып, ипотека төлеуі керек болған еді. Сол үшін үйін сатып, қарызын жаппақ болған. Алайда келіншек күйеуінің  сақтандыру жасатқанын пайдаланып, оны өлтірмек болған. Қызығы, қылмыскер өзін кінәсіз деп есептейді.