2022 жылдың 14 маусымында AMANAT партиясының Өскемен қалалық филиалы мен Шығыс Қазақстан облыстық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен қайырымдылық концертін өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Президент өз сөзінде балаларға ерекше назар аудару керектігін, өйткені олардың әл-ауқаты Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі екенін айтты. Сондай-ақ балалар жылы «Ұрандар мен мерекелік іс-шараларды өткізу емес, ең алдымен, билік органдары тарапынан балаларды қорғау мақсатында, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты шаралар қабылдау» дегенді білдіреді. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз деп атап өткен еді.
Осы мақсатты балаларды қолдауға арналған қайырымдылық концерті өткізілді. Қайырымдылық концертте жиналған барлық қаражат игі іске – сырқат балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға қолдау көрсетуге, өңір мен республика бойынша мәдени-танымдық сапарларды ұйымдастыруға және тағы басқаларға жұмсалады.
Игі шара барысында AMANAT партиясының мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Мұхтар «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Байжуминов Вадимге С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 4 жыл тегін оқуға грант табыстады.
– Бүгінгі шараға қатысып, үлкен толғаныспен шықтық. Балалардың барлығы өте таланты. Біз балаларды әрдайым қолдауымыз қажет. Олар елдің ертеңі, ғұмырымыздың жалғасы. AMANAT партиясы осындай игі шараны ұйымдастыруға мұрындық болып отыр, – деді Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Әділбекұлы.
Сонымен қатар қайырымдылық шара барысында AMANAT партиясының мүшелері, мәслихат депутаттары баларға қаржылай қолдау көрсетті.