Еуразиялық одақ – үлкен нарық
Еуразиялық одақ – үлкен нарық
631
оқылды
Қазақстан лидері «Жаңа әлем – жаңа мүмкіндіктер» атты Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысына қатысты. Ол өз сөзінде фо­рум­ға ша­қырғаны және дәстүрлі түрде жылы қабылдағаны үшін РФ басшысы В.Путинге ризашылығын білдірді. Қ.Тоқаевтың айтуынша, аймақтағы елдер заманауи сын-қатерлерге лайықты төтеп беріп қана қоймай, одан барынша пайда табуға тырысуы керек. Осы себепті «ЕАЭО аясында еуразиялық интеграцияны Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасымен ұштастыру – маңызды міндет». Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару ісін жаң­ғырту және Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін елімізде жүзеге асырылып жат­қан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді. Президент жиынға қатысушылардың назарын бірқатар маңызды мәселеге аударды. Соның ішінде Еуразиялық одақтың әлеуетін арттыруды өзекті міндет ре­тінде атады.
– Одаққа мүше барлық елдің экономикасының жиынтық көлемі қазір 2 триллион доллардан асады. Бұл – еркін тауар айналымы, капиталы және жұмыс күші бар өте үлкен нарық. Пандемия мен дағдарыс жағдайына қарамастан одақ аясындағы ынтымақтастық дәйекті түрде нығайып келеді. Былтыр өзара сауда-саттық көлемі одақ құрыл­ған уақыттан бергі ең жоғары деңгейге жетіп, 73 миллиард долларды құрады. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен үштен бір бөлікке көп, – деді ол.
Жалпы, ЕАЭО-ны жаңа жағдайға сай қайта құру қажет болуы мүмкін.
– Жаңа жағдайды ескере отырып, Еуразиялық одақ аясында жаңа сауда стратегиясын әзірлеумен айналысқан орынды әрі пайдалы болар еді. Тиімділігі күмәнді контр­санкцияның орнына Азия мен Таяу Шығыс нарығын тұтас қамтитын белсенді әрі оңтайлы сауда саясатын жүргізген жөн. Қазақстан «буферлік нарық» қызметін атқарар еді. Еуразиялық интеграцияның түбегейлі жетіс­тікке жетуі бірлескен сауда стра­тегиямыздың тиімділігіне байланысты, – деді Қ.Тоқаев.
Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіп ко­операциясын мүлде жаңа деңгейге көтерудің перспективасы зор екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ресейлік инвесторларға тиісті инфрақұрылымы бар өнеркәсіп алаңдарын ұсынуға, қолайлы жағдай жасауға әзір екенін жария етті. Президент үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін тағы бір маңызды міндет деп атады.
– Қазақстан интеграциялық үдеріс­тердің белсенді қатысушысы бола отырып, басқа да халықаралық ұйымдармен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты тұрақты қол­дап келеді. Осы форум аясында «Үлкен еура­зиялық серіктестікті» қалыптастыру мә­селесі қызу талқыланды. Бұл тұжырым­дама өңірлік ұйымдардың тең құқықты ын­тымақтастығының ортақ кеңістігін құру­ға бағытталмақ. Қазақстан Үлкен еура­зиялық серіктестік құру үдерісін құп­тай­ды, – деген ол ШЫҰ, АСЕАН, ЕАЭО – «Үлкен еуразиялық кеңістіктің» ажырамас бөлігі бола алатынын нұсқады.
Мемлекет басшысы климаттың өз­геруі­не қатысты мәселелерді де қозғады.  «Жа­сыл» инвестицияларды көбейту мүм­кіндіктерін кеңейту жоспары мен эко­ло­гиялық проблемаларды шешу жолдары сөз болды. форум Мемлекет басшысы климаттың өз­геруі­не қатысты мәселелерді де қозғады.  «Жа­сыл» инвестицияларды көбейту мүм­кіндіктерін кеңейту жоспары мен эко­ло­гиялық проблемаларды шешу жол­дары сөз болды.
– Былтыр жауын-шашынның аздығы­нан өзендердің суы таяз болып, диқан­дары­­мыздың көпшілігі құрғақ­шылықтан қатты зардап шекті. Транс­шекаралық Жайық өзенінің жағдайы өте ауыр! Мем­лекеттеріміз орнықты даму үшін мұндай ұзақмерзімді міндеттерді бірлесіп шешуі керек! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол биылғы қыркүйекте елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы­ларының съезін тілге тиек ете келе, осы жиын­ға Ресей дін қайраткер­лерінің қа­тыс­қаны жөн екенін жеткізді. Қазақстан көш­басшысы сөзін қорытын­дылай келе, бей­біт, тұрақты және эко­номикалық тұр­ғы­дан қуатты Еуразияны құру – жаһан­дық ау­қым­­дағы орнықты дамудың және инклюзив­­ті өсімнің қуатты факторы­на ай­на­ларына сенім білдірді.
Негізгі спикерлердің баяндамасынан кейін жиын сұрақ-жауап форматында жал­ғас­ты. Президент бірқатар халықаралық мә­селеге қатысты Қазақстанның ұста­ны­мын білдірді. Атап айтқанда, Украина мәсе­лесіне қатысты  Қазақстан ұстанымы жай­лы сауалға Қ.Тоқаев: «Егер халық­тар­дың таңдағаны бола берсе, әлемде  500 ел болар еді. Онда бұл хаосқа әкеледі. Сол се­беп­ті де, біз Тайваньды да, Косовоны да, Оң­­түстік Осетия мен Абхазияны да мойын­­­­дамаймыз. Шамасы, бұл қағида, біз­дің ойымызша, квазимемлекеттік құрылым са­­налатын Луганск мен Донецкіге де қа­тыс­­ты қолданылады», – деді. Сондай-ақ жиын барысында Мемлекет басшысы Қа­зақстанға қатысты кейбір пікірлерге де өз ойын білдірді. Мәселен, Президент:  «Мен бірқатар ресейлік депутаттың мүлдем жаң­сақ, әдепсіз пікірлеріне наразылық біл­дір­гім келеді. Шынды­ғын­да, біздің ара­мыз­да сан-саққа жүгіртіп, көпіртетіндей еш­қан­дай да мәселе жоқ. Барлық алауыз­дық біз­дің халықтарымызға, бірінші ке­зекте Ре­сей Федерациясының өзіне нұқсан кел­тіреді. Маған сондай бұрыс пікірлердің не­ге айтылатыны түсі­нік­сіз», – деді.