Алғысқа бөленген аяулы мамандық
Алғысқа бөленген аяулы мамандық
793
оқылды
Медицина мамандарының кәсіби мерекесі күні елордада Денсаулық сақтау министрлігі және ALTYN SHIPAGER ұлттық медициналық сыйлығының ұйымдастыру комитетінің ұйытқы болуымен «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтті. Жиынға республика аймақтарынан екі мыңға жуық ақ халатты абзал жан қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Іс-шараға келген Пре­зи­дент әкімшілігі, Үкімет мүшелері, бизнесмендер мен денсаулық сақтау саласындағы сарап­шылар отандық медицина өнімдерінің көрмесін тамашалады. Сондай-ақ жыл сайынғы ALTYN SHIPAGER ұлттық медициналық сыйлығының жүлдегерлері анықталып, ел медицинасына елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен медициналық ұйымдар белгілі болды. Жиынға қатысқан Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Ералы Тоғ­жанов медицина қыз­мет­кер­ле­рін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, еліміздің әлеуметтік әл-ауқа­ты­на қосқан үлесі үшін алғысын біл­дірді. Сондай-ақ вице-премьер ме­дицина қызметкерлеріне пан­де­мия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін тағы да алғыс білдіріп, денсаулық сақ­тау саласының бірқатар қыз­мет­керіне мемлекеттік наградалар та­быс етті. «Геном» клиникасының бас дә­рі­гері, репродуктолог-дәрігер Баян Әбілманова, «Астана» меди­ци­на университетінің ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Баян Ай­набекова, А.Сызғанов атындағы Ұлт­тық ғылыми хирургия орта­лы­ғы­ның бөлім басшысы Талғат Де­меуов, М.Оспанов атындағы Батыс Қа­зақстан университетінің балалар хирургиясы кафедрасының про­фес­соры Болат Дженалиев Ден­сау­лық сақтау саласын дамытуға сіңір­ген еңбегі және белсенді қоғамдық қыз­меті үшін «Құрмет» орденімен ма­рапатталды. Сонымен бірге «Құр­мет» ордені Ұлттық нейро­хи­рур­гия орталығының Жұлын ней­ро­хирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлім­ше­сінің меңгерушісі Талғат Керім­баев, «Астана» медициналық уни­вер­ситетінің хирургиялық аурулар, ба­риатикалық хирургия және ней­рохирургия кафедрасының про­фессоры Орал Оспанов, Ғ.Сұл­та­нов атындағы Павлодар облыс­тық перинаталдық орталығының аға медбикесі Гуля Оспанова, Пав­­­лодар облыстық жедел ме­ди­ци­налық жәрдем стансасының дәрі­гер-реаниматологы Айман Те­мірғалина және әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыру қорының Ақ­төбе облысы бойынша филиа­лы­ның директоры Алтай Ораз­ба­ғам­бетовке де табысталды. Өз кезегінде денсаулық сақтау са­ла­сындағы белсенді және жемісті қыз­меті, мейірімділігі және қайы­рым­дылығы үшін «Шапағат» меда­лі­мен Ұлттық ғылыми-меди­ци­на­лық орталықтың урология бөлі­мі­нің меңгерушісі Ербол Ысқақов мара­патталса, «Ерен еңбегі үшін» ме­далін Семей қаласының Жедел ме­дициналық жәрдем ауруханасы­ның директоры Ерлан Бүркітов ал­ды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әріптестерін мере­ке­мен құттықтап, ALTYN SHIPAGER ұлттық сыйлығының жеңімпаз­да­рын марапаттап, үздік медицина­лық ұйымдарға алтын мүсіншелерді табыс етті. «Медициналық-санитарлық ал­ғашқы көмектің үздік меди­ци­на­лық ұйымы» номинациясында Көк­шетау қаласының емханасы жеңіс­ке жетті. Мекеме 33 жыл бойы Көкшетау қаласы мен Ақмола об­лысының 91 мыңнан астам тұр­ғынына тәулік бойы шұғыл және жос­парлы медициналық көмек көр­сетеді. Ал елорданың көпбейін­ді емдеу-диагностикалық мекеме­лері­нің бірі, Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің №2 қалалық көпбейінді ауру­ханасы қаланың үздік стацио­нары болып танылды. «Үздік көп­бейінді облыстық аурухана» иегері Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы болды. «Ең үздік аудандық аурухана» ата­ғын үш рет «Сала көшбасшысы» ұлт­тық сертификатын алған Қара­ғанды облысы Абай ауданының Ор­талық аудандық ауруханасы ием­денді. «Үздік жедел медицина­лық жәрдем стансасы» номинация­сы Павлодар облыстық жедел ме­ди­циналық жәрдем стансасына бұйыр­ды. Ал Жамбыл облыстық көп­салалы балалар ауруханасы «Үз­дік облыстық балалар ауруха­на­сы» номинациясын жеңіп алды. «Қа­ланың үздік балалар стацио­нары» болып 360 төсек қоры бар Ал­маты қаласының №2 Балалар қа­лалық клиникалық ауруханасы та­нылды. Ақтөбе облысындағы «Аяла» балаларды оңалту орталығы «Үздік балаларды оңалту орталығы» сый­лығын алды. ALTYN SHIPAGER сыйлығы­ның «ең үздік босандыру ұйымы» Түр­кістан облысының №1 облыс­тық перинаталдық орталығы бол­ды. Жыл сайын орталықта 10 мың­нан астам нәресте дүниеге келеді. Соңғы екі жылда орталықта бірде-бір ана өлімі тіркелген жоқ. Сон­дай-ақ «Үздік медициналық кол­ледж» сыйлығы Павлодар медици­на­лық жоғары колледжі, ал «Үздік медициналық жоғары оқу орны» сый­­лығының иегері С.Асфен­дия­ров атындағы ҚазҰМУ болып та­ныл­ды. М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғы­лыми орталығы «Ең үздік ғы­лыми ұйым» ретінде таңдалды.