БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мәйіті табылды.
Оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болды.
«Сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі 42-мекенжайдағы құрылыс аумағынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді департамент өкілі.