Алматылықтар партия төрағасының алғыс хатымен марапатталды
Алматылықтар партия төрағасының алғыс хатымен марапатталды
©А.Мұрзанов
1,167
оқылды
5 маусымда өткен ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда белсенділік танытқан бір топ алматылық азаматтар «AMANAT» партиясының төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың алғыс хатымен марапатталды. Марапатты партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев табыстады. Алғыс хат негізінен референдум кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысқан азаматтарға берілді. Партия төрағасының алғысына бөленгендердің ішінде белгілі актер Жалғас Толғанбай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанар Дәуренбаева сынды тұлғалар бар. партия Марапатталғандардың ішінде бір топ БАҚ өкілдері де болды. Солардың қатарында AIQYN газетінің Алматы қаласы бойынша меншікті тілшісі Нұрболат Адырбек те бар. «Осындай жауапты кезеңде Президент Қ.К. Тоқаевтың реформаларын қолдап, AMANAT партиясымен бірлесе халқымыздың ынтымағы мен мемлекетіміздің мүддесі үшін атқарған еңбегіңізді жоғары бағалаймын» делінген Ерлан Жақанұлының алғыс хатында.