Қызылордалық полицейлер аймақта тағы бір ірі есірткі алқабын анықтап, оның көзін жойды.
Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті бірлесіп жедел іс-қимыл жүргізді.
Жедел шара нәтижесінде, Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны тұтқындалды. Ол Шиелі ауданындағы жер учаскесіндегі қалың сексеуіл арасында 1 665 түп сора өсімдігін еккен.
«Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен және 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.