Ерекше жандар партия назарында
Ерекше жандар партия назарында
849
оқылды
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «AMANAT» пар­тиясының Қарағанды облыстық филиалы ерекше жан­дарға сый-сыяпат көрсетті. Филиалдың атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбеков өз сөзінде ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсету мемлекеттің басты назарында екенін және партияның әлеуметтік жобалары аясында жүйелі жұмыс істеліп жатқанын атап өтті. Партия тарапынан тұрғындарға қаладағы ірі сауда үйінің сертификаттары табыс етілді. Кездесуге Абай қаласынан арнайы келген «Бірлік» шығар­ма­­шылық ұжымы әуезді әндер шырқады. Жиналғандар партияның жергілікті филиалы басшылы-ғына жүрек­жарды лебізін білдіріп, көңілді тарқасты.

Азат ҚАЗАҚ