Ата-анасы бас тартқан науқас сәби өмір сүруге құқылы – педиатр Мәсиха Оспанова
Ата-анасы бас тартқан науқас сәби өмір сүруге құқылы – педиатр Мәсиха Оспанова
©А.Мурзанов
1,580
оқылды
Осы жолы біз астанадағы әкімдікке қарасты «Мамандандырылған  балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне барып қайттық. Мекемеге қандай балалардың түсетіні, оларды қалай емдеп, қарайтынын көрдік. Арасында аналары бас тартқан сәбилер де бар. «Қай-қайсысы болсын, әр баланы отбасымыздың мүшесіндей қабылдаймыз. Өзінің керегін сезінген нәрестенің жанары жанып, мейірлене түседі. Дертке шалдықса да күресуге күш табады. Олар жылылық пен мейірімге зәру»,  – дейді мекеменің дәрігері Мәсиха Сұлтанқызы. сәби

 6-7 айлық нәрестеге дейін түседі

Мәсиха Сұлтанқызының айтуынша, мекемеге негізінен мүгедектігі бар балалар түседі. Атап айтсақ, аутизмге немесе аустикалық белгісі байқалғандар, даун мен тумасынан дамуында ақауы барлар, церебралды сал ауруға (дцп) шалдыққандар. сәби – Бізде екі бөлім бар. Бірі –  «Күнім» реабилитациялық бөлімі. Оған 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі денсаулығында ақауы бар балалар топтастырылған. Қазір онда 12 бала емделуде. Ал екіншісіне тұрмысы нашар отбасының балалары жиналған. Ата-аналары құжаттарын реттеп, жұмысқа орналасып, тұрмысын түзеп алғанша баласын таңғы сағат 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін қалдыра алады. «Ботақан» деп аталған бөлімде 13 бала бар. Арасында 6-7 айлық балалардың түскен кездері де болды, – дейді Мәсиха Оспанова. сәби Бұл мекемеге балалар қалалық емханалардың жолдауымен түседі. Келісімен оларды педиатр, реабиотолог, невролог, ЛФК массажист, педагог, психолог, логопед, музыка жетекшісі секілді білікті мамандардан құрылған мультидициплинарлық комиссия тексеріп, баланың хал-жағдайын анықтайды. Ал ауруханадан түскен сәбилер он күндей қабылдау тобында болады. Сол аралықта оның денсаулығына қарай қай топқа баратыны белгілі болады. сәби – «Шиелім», «Қоңырау», «Қуыршақ» секілді топтарда 6 баладан көп болмайды. Отбасындағыдай балалар бір-бірінен кіші жаспен топтастырылған. Сондай топтың әрбіреуінде бір сырқат сәбиден бөлінген. Оларға күні бойы қарайтын күтуші туған анасындай болып кеткен. Ал түнгіге күтушінің көмекшісі қасында қалады. Аналық мейірімге бөленіп, отбасы  ортасында өскен баланың жетілуі де оңай. Үлкендері кішісіне қараса, кішісі үлкенінен қалыспауға тырысады. Сөйтіп, бір-бірін жетелеп өседі, – деді педиатр-дәрігер. сәби  

Ананың салғырттығынан сәбиі сырқаттанды

 «Бізге түскен балалардың бір мерзімде жазылып, айығуы мүмкін емес. Сондықтан ем қабылдап үлгермесе бізде ары қалай қала береді. Оларды қоршаған ортаға үйретіп, бейімдеп, қатарынан қалыспауды үйретеміз. Мұндай балалардың иммунитеті онсыз да әлсіз, одан әрі әлсіретпеу үшін ұзақ емдейміз. Өйткені бала уақытылы тамақтанып, емін қабылдап, онымен білікті мамандар айналысуға тиіс.  Күтімсіз, қараусыз қалдыруға болмайды», – дейді логопед Гауһар Әбсейітова. сәби Байқағанымыздай, ғимараттың ішінде антисори, вертикализация, екі бірдей ЛФК залы, бассейн бар. Әр кабинет емге қажетті түрлі құрылғылармен жабдықталған. Қандай да бір дертпен туған нәрестені емдеуге барлық жағдай жасалған. сәби Алғашқыда нәрестеге үш айдай ем-дом жасап, мамандар  қадағалауына алады. Егер жалғастыру қажет болса, тағы үш айға созады. Нәтижесінде, бала жылына 4 рет емделуі мүмкін. сәби Дәрігердің айтуынша, сәбидің тумасынан сал болуы тұқымға, руға, нәсілге байланысты емес. Көбіне қыз-келіншектер жастықпен көп нәрсеге мән бермеуінде екен. Мысалы, дұрыс тамақтанбайды, қимыл-қозғалыс тағы жоқ. Олар дәрігерге уақытылы қаралмауы, анализ немесе скрининг өтпеуі, шылым шегіп, түрлі энергетикалық сусындарды толассыз ішуі сияқты дүниелер  денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Жүктілік кезінде нәрестеге дәрігер ғана емес, ана да жауапты екенін ұмытпауы тиіс. сәби – Қаладағы №2 балалар ауруханасына жақында барып қайттық. Үш жасқа келіп қалған сәби ауыр халде жатыр. Тыныс алуы қиын, сол себепті оттегімен тыныстау құрылғысына байланған. Үнемі денесі құрысып, ұстамасы ұстайды. Оның үстіне, тамақ іше алмайды. Тек зонтпен тамақтандырып отыр. Сондағысы анасының салғырттығынан нәресте шалажансар күйге түскен. Шақалақ бір жасқа толмай жатып қызылшамен ауырған екен. Ал сәбидің анасы перзентханада алған екпесімен ғана жүре берген. Одан кейін ешқандай екпе салдыртпаған. Салдарынан сырқаты асқынып, миға шапқан. Бір сөзбен айтқанда, өмірінің соңғы күндерін сүріп жатқандай. Ештеңеге дәрменсіз, тек күтімді қажет етеді. Оның тіршілікке қадам басуы ауыр. Бірақ дәм-тұзы таусылады деп одан қол үзе алмаймыз. Қазір мүгедектікке құжатын дайындап, дүйсенбіде әкелмекпіз, – дейді Мәсиха Сұлтанқызы. [caption id="attachment_202783" align="alignnone" width="1280"]сәби Сәбидің буынын қатайтып, қимыл-қозғалысын түзейтін костюм[/caption] Дәрігер Мәсиха Оспанованың сөзінше, ол сәбидің анасы – балалар үйінің түлегі. Тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанды. Мемлекеттен пәтер де алған. Алайда күйеуімен тіл табыса алмаған. Тіпті, ұрып-соғып, балаларын қорлаған. сәби «Сонымен қатар әлгі баланың інісін де әкелмекпіз. Қазір ол анемиямен қаладағы №1 балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы нашар. Уақытылы тамақтанбаған, жүдеп-жадап, әлсіреп қалған. Жақында ғана балалардың анасымен сөйлестім. Балаларды бергісі жоқ. Бірақ оларды бізге орналастыруға мәжбүр. Олардың арғы тағдырын қорғаншылық бөлімі анықтайды», – дейді ол.   Дәрігердің айтуынша, қазір мекемеде сауығып кету мүмкіндігі  аз мүмкіндігі шектеулі екі бала бар екен. Ондай жандар үш жастан асқанға дейін осы мекемеде болады. Одан кейін «Нұрлы жүрекке» тапсырылады. Ол жақта кәмелеттік жасқа толғанға дейін болады. сәби  

Балаларынан бас тартқандар азайған

Психологтің айтуынша, қазір балалардан бас тартқан ата-аналар саны азайған. Тіпті, ондай ата-аналар өмірден өткен балаларының денесін өздері алып, жерлейді екен. сәби «Осында жұмыс  істегеніме біраз жыл болды. Сол аралықта балаларынан бас тартқан ата-аналарды да кездестірдім. Оған қоса, сырқат балаға қараудың өзіне асқан шыдамдылық таныту керек. Оларды кінәлай да алмаймыз. Әрине, сәбиінен қол үзбеуін тілеп, сөйлесеміз. Кейде қабылдаған шешімге көнгеннен басқа амал қалмайды. Келісіп, іштен тынамыз», – дейді психолог Гүлжан Төлесова. сәби – Коронавирустың алдында бізге Санжар деген бала түсті. Даун синдромына шалдыққан. Мұндай балалар бір-біріне ұқсас келеді. Ашық, ақжарқын әрі сенгіш болады. Өздерінің маңдайы кең әрі шығыңқы, ал көздері алшақ немесе қылиланып келеді. Саусақтары қысқа, қолдары жалпақ, алақандағы сызығы екеу-ақ. Кейбірі жүрек талмасы, асқазан-өт жолдарының дұрыс жұмыс істемеуі секілді қосымша сырқатпен дүниеге келген. Олардың ұзақ өмір сүруі қиын. Иммунитеті әлсіз болғандықтан,  аурушаң, дамуы да кешеуілдейді. сәби Басында анасымен сөйлесіп едім: «Қолдағы барымызбен бөлісіп, қайырымдылық жасап тұрамыз. Алла Тағала неге маған мұндай бала жіберді? Қандай күнә істедім?» деп өзін жазғыра берді. «Сізге берілген сынақ, одан бас тартпауыңыз керек» дегеніме көнбеді. Оның үстіне, келіншек үй ішіне сәбилі болғанын хабарламаған. Керісінше, оларға түсік болды деп сендірген. Екіншіден, үйдің үлкені Санжардың кесірінен мазаққа қалады деп отыр. Оларды ештеңе деп сөге алмаймыз. Қазір сол Санжар екіден асты. Арнайы құрылғылармен емдеудің арқасында отырып, жағалай жүре бастады. Өзіміздің баламыздай жақсы көреміз. Өте зерек, алғыр бала, – деді Мәсиха Сұлтанқызы. сәби Оның айтуынша, пандемияға дейін осындай диагнозы бар Ерке есімді қызды өзге аймақтан келген ерлі-зайыпты асырап алыпты. Олардың өздерінің баласы болмаған. сәби  

Сәбиінен бас тартқан ананың көбі студент

Мұнда ата-анасы баласынан бірден бас тарта алмайды. Ойлануына уақыт беріледі. Үш ай, жарты жыл, бір жылға дейін балалар осында қалып, «Үміт» тобында болады. Оған да 10-12 бала жасақталған. сәби Дәрігердің сөзінше, балалар үйінде гидроцефалия диагнозымен үш жасар сәби жатыр. Ол дегеніміз – мидағы асқазан-сұйықтықтың шамадан тыс және қалыптан тыс жинақталу патологиясы. «Әке-шешесі одан бас тартқан. Бірақ әжесі келіп, қарап кетеді. Жасы келгендіктен, зейнеткер сәбиді асырап ала алмайды. Осындайда жүрегің елжіреп кетеді», – деген педиатр кішкентайды «Нұрлы жүрекке» тапсыратынын сөз етті. сәби – Көбіне нәрестесінен бас тартатын студент қыздар. Жүріп жүрген жігітінен жүкті болып, әке-шешесіне айтуға қорқып, сәбиін осында тастап жатады. Былтыр сондай бір жағдай болды. Жас ананың әке-шешесі шақалақты тастап кеткенін біліп, оны алып кеткен болатын. Міне, осындай ата-аналар көп болса екен. Сонда сәбилер сырқатына қарамастан қараусыз, ешкімге қажетсіз боп қалмас еді, – дейді Мәсиха Оспанова. сәби