Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты
Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты
3,177
оқылды
Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мың адамнан асып кетті. Қаза тапқандар санының артқаны туралы Табиғи апаттармен күрес министрінің орынбасары Шарафуддин Муслим баспасөз мәслихаты кезінде айтты. Сонымен қатар ол жер сілкінісі салдарынан 610 адам жарақат алғанын жеткізді. Айта кетейік, Ауғанстан аумағында 6,1 баллдық жер сілкінісі болғаны туралы ақпаратты АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) хабарлаған еді. Табиғи апат бүгін, 22 маусымда таңертең жергілікті тұрғындар ұйықтап жатқанда болған. Садарынан оңтүстік-шығыстағы Пактика провинциясы мен шығыстағы Хост провинциясы қирап қалған. Осы орайда "Талибан" көшбасшысы (Қазақстанда және бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым) Хайбатулла Ахундзада әлемдік қоғамдастықты Ауғанстанға көмек көрсетуге шақырды.