АҚШ-тың Техас штатында теміржол бойынан жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды 24.kz.
Дереккөздің жазуынша, марқұмдардың құжаты болмаған. Бірақ полицейлер оларды мигрант болуы мүмкін деп топшылайды. Сондай-ақ осы жүк көлігінде болған тағы 16 адам анықталды. Арасында кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала бар.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.