«Үнді әуеніне билеп жатқан» – Ақсуда болған қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын түсірілген видео жарияланды
«Үнді әуеніне билеп жатқан» – Ақсуда болған қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын түсірілген видео жарияланды
Фото: видеодан скриншот
48,654
оқылды
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Төлеби ауданы Ақсу шатқалында қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын өзенді кешіп, билеп жүрген шетелдік студенттер түсірген видео тарады, – деп жазады otyrar.kz. Видеода Шымкент медицина академиясында оқитын шетелдік студенттер ән айтып, би билеп жатқанда достары суға кетіп қалады-ау деп күдіктенбегені көрініп тұр. Бір топ жас жігіттің Ақсу шатқалындағы өзенде көңіл көтеріп, үнді әуеніне билеп жатқаны анық көрінеді. Сол мезетте достарын ағыс алып кеткенін байқамай қалған. Жас жігіт ағысқа қарсы жүзуге тырысқан. Бірақ қатты ағыс оны одан әрі иірімге тартып кетеді. Суға батып бара жатқан студентті байқаған достар қол ұстасып, көмектесуге тырысады. Осыдан кейін видео үзіледі.   https://youtu.be/IPXR6bn_mkk Қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 16.00 шамасында болған. Шымкенттегі медициналық академияда білім алған Үндістаннан келген екі студент Ақсу шатқалында суға ағып кетті.   https://youtu.be/cRQfd6CaqqQ Екі студенттің денесі әлі табылмады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен сүңгуірлердің жұмысына Ақсу шатқалының тереңдігі, өзеннің өткел бермейтіндігі қиындық тудырып жатыр.