Достық пен татулық нығаяды
Достық пен татулық нығаяды
599
оқылды
Қазақстан мен Түрікменстанның ынтымақтастығы бауырластық әрі стратегиялық се­рік­тестік деңгейіне жетті. Түрікменстанға жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің бұрынғы Президенті, қазіргі Ұлттық кеңес Халық мәслихатының төрағасы Гур­бангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Қазақстан Президенті ең ал­дымен Г.Бердімұхамедовті ту­ған күнімен құттықтап, оның басшылығымен Түрікменстан­ның қол жеткізген әлеуметтік-эко­номикалық жетістіктерін атап өтті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гу­манитарлық қатынастардың қар­қынды дамып келе жатқанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-түрікмен қарым-қатынастарына қос­қан өлшеусіз үлесі үшін Гур­бангулы Бердімұхамедовті Қазақ­стан­ның жоғары мемлекеттік награ­дасы – «Алтын Қыран» ор­де­німен марапаттады. Соны­мен қатар Халық мәслихаты тө­ра­ғасы ретінде оның ел дамуына, аймақтың тұрақтылығы мен қауіп­сіздігі жолында еңбек ете бере­тініне сенім білдірді. Қ.Тоқаев Ашхабад қаласында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен жүздесті. Қазақстан лидері оған қонақ­жай­лығы үшін ризашылығын біл­дір­ді. Бұл – С.Бердімұхамедов Пре­зи­дент болып сайланғалы екі ел бас­шыларының алғашқы бетпе-бет кездесуі. Осыған орай Қасым-Жомарт Кемелұлы Түрікменстан­ның жаңа Президентін сайлау­да­ғы жеңісімен құттықтады. Қазақстанның көшбасшысы Ашхабадқа VI Каспий саммитіне қатысуға келген еді. Ол саммиттің нәтижесі Каспий маңы мемлекет­тері­нің достық пен тату көршілік бай­ланыстарын одан ары нығай­ту­ға елеулі үлес қосып, өзара тиім­ді ынтымақтастықтың көк­жиегін кеңейтетініне сенім білдірді. Ал Сердар Бердімұха­ме­дов бәрімізге ортақ Каспийдің игі­лігі үшін келелі басқосу бо­ла­ты­нын жеткізді.