Шавкат Рахмонов баспасөз жиынын өткізді
Шавкат Рахмонов баспасөз жиынын өткізді
481
оқылды
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда арнайы баспасөз-конференциясын өткізді. Баспасөз жиынында ол журналис­тердің UFC-мен қазіргі келісімшарты, алдағы жекпе-жегі жайлы сұрақтарына жауап берді. «UFC-мен жаңа келісім­шарт жасастық. Спорт біздің жұмысы­мыз болғандықтан, сол жұмысқа сай табыс тапқымыз келеді. Сол үшін келісімдегі шарттарды қайта қарадық, қазіргі келісімшарт жақсы. Қазақстанда мұндай келісімшартқа отырған файтер қазірше болған жоқ. Жаңа келісімшарт бес жекпе-жекке есептелген. Оның біреуін өткіздім, енді төртеуі қалды. Бірақ екі-үш жекпе-жектен кейін UFC жаңа келісімшарт ұсынуы мүмкін», – дейді спортшы. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты. «Біз матч-менеджермен сөйлестік. Қазан айында Абу-Дабиде өтетін турнирге қатыссам жақсы болар еді. Қазақстандықтар үшін визаның қажеті жоқ. Сонда барып маған жанкүйер болар еді. Егер оған үлгермесек, қараша немесе желтоқсан айында октагонға шығамыз», – деді Ш.Рахмонов.