Әлемдік Гран-приде жеңіске жетті
Әлемдік Гран-приде жеңіске жетті
555
оқылды
Бразилияның Сан-Пауло қаласында 1-3 шілде аралығында пара дзюдодан IBSA әлемдік Гран-при турнирі өтті. 13 мемлекеттен 90 жуық спортшы қатысқан жарыста Қазақстаннан 10 спортшы қатысып, жеті медальға қол жеткізді.
Оның ішінде екі 1 орын, төрт 3 орын және бір 2 орын бар. «Жарыс нәтижелері бойынша спортшыларымыз әлемдік рейтингте өз позиция­ларын жақсартты. Мәселен, Ақмарал Науат­бек Гран-при жарыстарында екінші рет жеңіске жетті. Даяна Федосова алғаш рет алтын медальға қол жеткізді. Ал тұңғыш рет абсолютті салмақ дәреже­десінде қатысқан Талғат Әжіғалиев үшінші орынға ие болды. Жалпы, елімізде пара дзюдо спорт түрі қарқын­ды дамып келеді. Спортшы­лардың деңгейі өсіп, біліктілігі артуда. Биыл пара дзюдодан Бакуде өтетін әлем чемпионатында да қазақстандық спортшылар лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болады деп сенемін», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда бас­шысы Дияр Сеитов.