Өзбекстан аумағына Ауғанстан снарядтары құлады
Өзбекстан аумағына Ауғанстан снарядтары құлады
506
оқылды
Өзбекстан СІМ Ауғанстан аумағынан ұшып шыққан бес реактивті снарядтың құлағаны туралы мәлімдеді.
«2022 жылдың 5 шілдесінде сағат 16.20-да Өзбекстанның шекара аумағына бес реактивті снаряд құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Ауғанстан аумағынан ұшырылған», - деді СІМ.
Ведомствода атап өткендей, снаряд құлағанда жарылмаған, ешкім зардап шекпеген және ештеңе қирамаған. Термез қаласы «Мажнунтол» махалласындағы төрт жер үйге аздап зақым келген, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды. Табылған снарядтарды саперлер залалсыздандырды.