Қостанайдағы балабақшада болған оқиға видеоға түсіп қалған. Бұл жайында "ТоболИнфо" хабарлады.
Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші абайсызда 3 жасар баланың бұғанағын сындырып алған. Бейнежазбада баланың екі орындықты қосып алып, тізірлеп, айналып отырған . Оның бұл қылығын көрген тәрбиеші баланы дұрыстамақ болып, бір орындықта тартып қалған. Сол кезде бала жерге құлап, жылай бастаған. Тәрбиеші бірден сәбиді көтеріп, жұбатпақ болған.
Қазір зардап шеккен бала емделіп жатыр. Ал тәрбиеші еңбек демалысына кетіп қалған. Балабақша басшылығы бұл мәселеге мән бермеген.
"Ол жақсы тәрбиеші, басқа ештеңе айта алмаймыз", – дейді директор орынбасары Ботагөз Омар.
Баланы ата-анасы полицияға арыз жазған. Алайда олар 141-бап бойынша қылмыс құрамын көрмегенін мәлімдеген.