Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында 48 жастағы ер адам 9 жастағы баланы ағашқа байлап, тастап кеткен.
Полиция департаментінің мәліметінше, 28 маусым күні Бәйтерек ауылының тұрғыны шағымданған. Ол ер адам 9 жасар немересін ағашқа жіппен байлап, белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтты.
Оқиға орнына барған полицейлер психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 48 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.
Ер адам қазір психикалық емдеу орталығында жатыр.