Солтүстік Қазақстанда бруцеллез анықталған мал үшін өтемақы төлене ме?
Солтүстік Қазақстанда бруцеллез анықталған мал үшін өтемақы төлене ме?
Фото: atr.kz
265
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында ірі қарадан бруцеллез індеті анықталды. Өңірдің алты ауданында ірі қара індетке шалдыққаны белгілі болды. Олар – Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандары. Қызылжар ауданындағы Боголюбово ауылы былтыр күзде де карантинге жабылған-тын. Ауру жұқтырған  85 сиыр сойылатын болады.  Ал иелеріне өтемақы төленбек. Ауру мал анықталған ауылдарда шектеу шаралары енгізіледі. Яғни, бұл елді мекендерден мал мен ет-сүт өнімдері шығарылмайды. Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазановтың айтуынша, биылғы жылдың басынан бері сынама алынған 345 мыңнан астам ірі қараның 85-інен бруцеллез анықталды. «Аурудың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 15 күн сайын малдан сынама алынады», – деді маман.

Солтүстік Қазақстан облысы