Түркістанда жағажай ашылды
Түркістанда жағажай ашылды
1,059
оқылды
Түркістан қаласында тұңғыш рет жағажай ашыл­­ды. Тарихи шаһардағы туристік-реакра­циялық орталықтың ашылу салтанатына Түр­кістан облысының аудан, қалалары мен Шымкент қаласынан және өзге де шаһарлардан саяхатшылар келді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  «Шаға» жағажайын аралап көріп, жұмысына сәттілік тіледі. Жағажайдың ашылуында балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен бірге көпшіліктің қатысуымен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, байқаулар өтті. Су айдынында желкенді қайықтар жүзіп, облыстың ескек есушілері өз шеберліктерін көрсетті. Таны­мал диджейлер мен өнерпаздар өнер көрсетсе, әнші Қайрат Нұртас  жерлес­теріне әннен шашу шашып, Түркістандағы жаға­жайдың ашылуымен құттықтады. Жағажайға келген демалушылар Түркістанда ашылған жаңа туристік орынға ризашылықтарын білдірді. Отбасымен суға шомылып, көңілді байқауларға қатысып, шоу бағдарламаны тама­шалады. Жағажай жұмысын бастаған алғашқы күннің өзінде бірнеше мың адам келіп, «Шаға­дан» шаттанып қайтты. Бұл жағажай туризмді дамытып қана қоймай, Түркістан аумағын көгал­дандыруға, ауа райын жақсартуға да оң серпін бермек. Шаға жағажайы Демалыс аумағының құрылысы 2020 жылы қараша айында басталды. Жалпы ауданы – 81 гектар. Ал суының сыйымдылығы – 2,5 млн текше метрге жуық. Қазіргі таңда жасанды су айдынында 2 млн текше метр су бар. Көктемгі суды қабылдайтын, су жіберетін каналдар да дайын. Жағажайда емдік қасиетке ие шағыл құм төселіп, ағаш отырғызылған. Жаңа туристік нысанға баратын жолдың сапасы да жоғары деңгейде. Алдағы уақытта балалар демалыс аумағы, элиталық коттедждер мен қонақүйлер, аквапарк салынады деп жоспарланып отыр.

Түркістан облысы