Жапонияның бұрынғы премьер-министріне оқ атқан қаскөй өз кінәсін мойындады
Жапонияның бұрынғы премьер-министріне оқ атқан қаскөй өз кінәсін мойындады
680
оқылды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасады деген бұрынғы әскери қызметкер Тецуя Ямагамиге ресми айып тағылып, прокуратураға тапсырылды. Бұл туралы NHK телеарансы хабарлады. 41 жастағы күдікті Нара префектурасының полиция бөлімінен жергілікті прокуратураға ауыстырылғаны, оған ресми түрде кісі өлтірді деген айып тағылғаны айтылды. Тергеу амалдары жалғасуда. Жапондық БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті тергеушілерге бұрынғы үкімет басшысын анасы мүше болған діни ұйыммен байланысы бар деп есептегендіктен, атып тастағанын айтқан.