Ана мен бала өлімі көбейді – Тоқаев
Ана мен бала өлімі көбейді – Тоқаев
Фото: yandex.kz
764
оқылды
Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен баланың денсаулығын сақтау мәселесіне арнайы тоқталды. «Басты міндеттің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Өкінішке қарай, сәби өлімі көбейді. Ана өлімі де аз емес. Перинаталды қызметті тексеруге тапсырма бердім. Нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылдануы керек еді. Алайда барлық жұмыс аудит деңгейінен аса алмай, тоқтап қалды. Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Осы мәселені жүйелі түрде шешу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент қымбатшылықпен күресте нәтижелі жұмыс істемеген екі министрге сөгіс жариялады.