«Тұран» – өзіне сеніп, табысқа ұмтылатындар оқитын университет
«Тұран» – өзіне сеніп, табысқа ұмтылатындар оқитын университет
Фото: turan-edu.kz
1,157
оқылды
Жаһандық өзгерістер алма-кезек жиі ауысатын қазіргі кезде сұранысқа ие кадр даярлау өте маңызды. Жоғары оқу орнын тәмамдайтын түлектер еңбек нарығына араласқанға дейін-ақ жұмыс берушілердің маманға қоятын талабы да өзгеруі бек мүмкін. Себебі, бүгінде қоғамдағы сұранысқа қарай кадрға жаңаша талап қойылатыны заңдылық. Сондықтан оқу бағдарламасын заман талабына қарай бейімдеу, әсіресе, жоғары оқу орындарының алдында тұрған кезек күттірмейтін шаруа. Сұранысқа ие кадр даярлауда еңбек нарығында алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі – «Тұран» университеті. Іргетасы 1992 жылы қаланған білім ордасын экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанұлы Алшанов басқарады.  width= Көпсатылы білім беру жүйесін қамтитын оқу орнының басты ұстанымы – бәсекеге қабілетті кадр даярлау. Бакалавриат, магиcтратура, докторантура, PhD білім берудің толық жүйесін қамтиды. Университет студенттерге бакалавриатта – 34, магистратурада – 16, докторантурада 6 мамандық бойынша 4 факультетте, атап айтқанда, Экономика, Гуманитарлық-заң, Сандық технологиялар және өнер және ағылшын тіліндегі бағдарламалар факультетінде білім береді. Ұжымдағы 361 оқытушының 55-і – ғылым докторы, профессор. Сондай-ақ 215 доцент пен ғылым кандидаты, 35 PhD доктор бар.  Сонымен қатар 49-дан астам зерттеушілер оқу процесінің жан-жақты болуына атсалысады. Сондықтан оқу орнының ұраны «өзіне сенетіндер мен табысқа ұмтылатындардың университеті» деп аталған.    width= Қазақстанда кейінгі жылдары инклюзивті білім беруге жете мән беріліп отыр. Ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға жағдай жасау мақсатында былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті білім беру туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Басты мақсат – психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж талапкердің де замандастарымен тең дәрежеде білім алуын қамтамасыз ету. Сондықтан «Тұран» университетінде мүмкіндігі шектеулі жандардың үшін барлық жағдай қарастырылған. Емін-еркін жүріп-тұруы үшін баспалдаққа ішкі және сыртқы пандус, тактильді тақталар талапқа сай қойылған. Медициналық сауықтыру орталығы да жұмыс істейді. Есту қабілетінде кемістігі бар азаматтарға арналған ақпараттық тақталар, құлаққаптар, аудиокітаптармен толықтай қамтамасыз етілген. Көлік үшін арнайы автотұрақ, лифт те бар. Мұның барлығы күтімді қажет ететін студенттердің қатарластарынан қалмай, жан-жақты білім алуына, денсаулығын қалпына келтіруіне психологиялық тұрғыдан қолдау үшін жасалған.    width= Жоғары оқу орындары білікті маман даярлауға жауапты екенін ескерсек, түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші университет жұмысының жемісі екені ақиқат. Дәлел ретінде студенттердің 85%-і, магистратура – 76%-і, PhD докторантураны тәмамдағандардың 89%-і тұрақты жұмысқа орналасқанын айтуға болады. Бәсеке күшейген 30 жыл ішінде «Тұранды» таңдаған түлектердің саны 30 мыңнан асты. Былтыр жоғары оқу орындары арасындағы рейтингте Қазақстандағы таңдаулы 85 университеттің ішінде 6-орынға ие болды. Сонымен қатар биыл 25 сәуірде ACQUIN халықаралық аккредитация агенттігі «Тұран» университетіне 2028 жылға дейін 6 жылға Институционалды аккредитацияны және 2030 жылға дейін 8 жылға 33 білім беру бағдарламасына Бағдарламалық аккредитацияны бекітті. Сондай-ақ Times Higher Education (THE) Impact Ranking рейтингісінде  «Тұран» университеті 801-1000 тобында Қазақстандағы 7 үздік жоғары оқу орнының қатарына енді. Гендерлік теңдік көрсеткіші бойынша (47,5 балл, 301-400 рейтингі) үздік атанды.    width= Университет студенттерді оқумен қатар әлеуметтік қолдау, салауатты өмір салтын сақтауға да айрықша мән береді. Жатақханамен қамту, спорт үйірмелерінің қолжетімді болуы осының айғағы. Ерекше айтып өтер жайт, 2021-2022 оқу жылында Turan Film Academy-сы жоғары мектебінің кино-фото павильоны, биыл 10 наурызда режиссер Сатыбалды Нарымбетов атындағы кинозал ашылды. «Тұран» студенттерінде Қазақстанның ғана емес шетел университеттерінде де қатар біліп алуға мүмкіндік бар. Бағдарлама аясында АҚШ, Германия, Венгрия, Польша, Ресей, Түркия және тағы басқа елдерде де білім алады. Атап айтқанда, 2012 жылы құрылған TIBS Халықаралық бизнес мектебі арқылы шетелде білім алып, қос диплом алу жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттерге де жүйелі түрде материалдық қолдау көрсетіледі. Мұндай басымдық Президент Жолдауында айтқан санда бар, санатта жоқ 237 мың жастың білім алуына бағыт-бағдар сілтеп, жол көрсетіп, жұмыссыздар санын азайтуға септігін тигізері анық.    width= Мемлекет басшысы айтқан мәселені шешуге үлес қосу үшін «Тұран» университетінің ғылыми кеңесі 2021-2024 жылдарға арналған даму стратегиясын жасады. Стратегияда  Қазақстанда білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Алматы қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы, «Алматы бизнесі – 2025» өңірлік бағдарламасын толықтай қамтып отыр.

Алмагүл ҚҰРМАНБАЕВА, фиолология ғылымдарының кандидаты, доцент

«Айқынның» анықтамасы: Алмагүл Әлиқызы Құрманбаева – фиолология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1986-1991 жылдары бұрынғы С.Киров атындағы ҚазМУ-ды, 1997-2000 – жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспиратурасын тәмамдаған. 2002 жылы филология ғылымдарының кандидаты, 2011 жылы доцент атанды. 1990 жылы – «Қазақ энциклопедиясында» – кіші редактор, «Қазақстан мұғалімі» республикалық газетінде журналист. 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті Баспа ісі және электронды БАҚ кафедрасында еңбек етті. 2011-2013 жылдары деканның оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2013-2019 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті Баспа ісі және электронды БАҚ кафедрасында доцент, 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Тұран» университетінде «Журналистика және аударма ісі» кафедрасында доцент. Оқу орнында білім беру мен тәрбие ісіне сіңірген еңбегі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 80 жыл» мерейтойлық медалімен және ғылыми-зерттеу жұмысы үшін арнайы дипломмен марапатталған.