Зерендіде өткен «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде елдің әр қиырынан волонтерлік қызметте белсенділік танытқан жастар да бой көрсетті. Жас та болса қоғам үшін маңызды мәселелерде аянбай еңбек еткен еріктілердің бірі өз замандастарын мемлекет дамуында қалыс қалмауға шақырды.Ариана Белобжицкая – Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенті. Партия жастар қанатының Алматы қалалық филиалында еріктілер қозғалысында белсенді әрекет еткен болашақ дәрігер еріктілер қозғалысының дамуы үшін волонтерлер академиясын құру қажет деген ұсынысын білдірді.
«Мен болашақ дәрігер ретінде спорттың адам денсаулығы үшін аса маңызы зор екенін тағы бір рет ескерткім келеді. Экономикада да адамның денсаулығы мен кәсіби даярлығының өзара тығыз байланысты екені белгілі. Яғни кез келген салада қызмет ететін маман кәсіби дайындығы мықты әрі іс-тәжірибесі мол болғанымен, денсаулығы нашар болса оны еңбек ресурсына жатқызуға болмайды. Сондықтан да адам жастайынан өз денсаулығына барынша көңіл бөлу тиіс. Жастардың сергек әрі позитивті оймен қызмет етуі бұл елдің де денсаулық сақтау саласын қолдау әрі өз болашағына да мықты инвестиция дер едім», - дейді Ариана Белобжицкая.
Ақмола облысы