«Жастар рухы» жас буынның жігерін жаниды – Асхат Оралов
«Жастар рухы» жас буынның жігерін жаниды – Асхат Оралов
678
оқылды
«AMANAT» партиясының жастар қанатының атауы «Жастар рухы» болып өзгерді. 100 мыңнан астам жастың басын біріктірген еліміздегі ең ірі саяси жастар ұйымы үшін бұл үлкен жаңалық болды. «Жастар рухы» жас буынның жігерін жанып, жетістікке жетелейді, елдің рухын асқақтатады. Жаңа Қазақстанның негізгі қозғаушы күші – жастар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға жолдаған арнайы Үндеуінде «Жастар адал еңбекті бағалап, рухы биік, санасы сергек болуға тиіс» деп жас ұрпақ аға буынның үмітін ақтайтынына сенім білдірді. Партиямыздың Төрағасы Ерлан Қошанов жастар әділетті де ашық қоғамы бар қуатты Қазақстанда өмір сүруі керек екенін айрықша атап өтті. Президент бастамасымен қолға алынып жатқан реформаларды іске асыруда алдыңғы қатарда жас­тардың болғаны маңызды еке­нін жеткізді. Әрине, жастар қанатының тек атауы ғана өзгеріп қойған жоқ. Ұйымның жаңа трансформациялық бағдарламасы қабылданды. Ел дамуындағы мұндай елеулі өзгерістер ең алдымен жас буынның бақытты, бақуатты өмір сүруі үшін жасалады. Жастар қанатының жаңаруы жақсылықтың, жеңіс пен жетістіктің белгісі болмақ.